Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіздер көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, қоғам алдында жауапты міндетті атқарып келесіздер. Күн сайын азаматтардың өтініштерін қарап, отбасыларға жәрдемдесесіздер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық танытасыздар. Сондай-ақ азаматтардың жұмысқа орналасуына және өздеріне тиесілі әлеуметтік қолдау шараларын алуына ықпал етесіздер.

    Бұл жұмысты атқару үшін кәсіби білім, сабырлылық және әр адамның жағдайын түсіне білу қажет. Көмек сұрап келген адам үшін оны мұқият тыңдап, жағдайын түсініп, мәселесі шешілгенше қолдау көрсететін маманның болғаны өте маңызды.

    Сіздердің еңбектеріңіз адамдардың қиындықтарды еңсеруіне, өз бетінше өмір сүруіне және қолдауды сезінуіне мүмкіндік береді. Әр азаматқа құрметпен қарап, міндеттеріңізге адал әрі жауапкершілікпен қарауларыңыз – жалпы әлеуметтік қорғау жүйесіне деген сенімнің берік негізі.

    Саланың дамуы, жаңа технологияларды енгізу және қызмет сапасын жақсарту көп жағдайда сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Өйткені осы жаңашылдықтарды күнделікті тәжірибеде іске асырып, адамдардың қажеттіліктерін ескеріп, мемлекеттік қолдауды барынша қолжетімді әрі түсінікті етуге үлес қосып жүрсіздер.

    Әлеуметтік қорғау жүйесінің барлық қызметкеріне жауапкершілігі, жанашырлығы және өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтамын. Ал саланың дамуына үлес қосып, кәсіби дәстүрлерін қалыптастырған әрі мол тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп жүрген ардагерлерге айрықша ризашылығымды білдіремін.

    Биыл кәсіби мерекеміз Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік құқықтарын қорғау – әділетті әрі қуатты Қазақстанды дамыту жолындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы ортақ іске қосып жүрген үлестеріңіз құрметке лайық.

    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым сенім білдіретін әріптестеріңіз бен жақындарыңыз қастарыңыздан табылсын. Атқарып жүрген жұмыстарыңыз қуаныш сыйлап, еңбектеріңіз лайықты бағалана берсін!

    Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні құтты болсын!

    Құрметпен,

    ҚР Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    Асқарбек Ертаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті" жаңалықтары