«Астананың сұлулығына тәнті болдым»: америкалық жаттықтырушы алған әсері жайлы ой бөлісті

    Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатына арнайы келген АҚШ-тың Орегон штаты университетінің жаттықтырушысы Брэндон Кейлор Қазақстанға алғаш рет сапарлап, елорданың келбетінен алған әсерін жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    «Мен Астананың сұлулығына тәнті болдым. Қазақстан осы уақытқа дейін барған елдерімнің ішіндегі ең сүйіктілерімнің біріне айналды. Маған мұндағы салқын ауа райы, ұлттық тағамдар мен мәдениеті ерекше ұнады. Қаланың тазалығы мен көркі де таңғалдырды. Ең бастысы – халқы өте мейірімді, ашық-жарқын әрі қонақжай.

    Шетелден келген қонақтарды жылы қарсы алады. Осы турнирден кейін Қазақстанға қайта оралып, Алматы қаласын да аралағым келеді», – деді америкалық жаттықтырушы.

    Шетелдік маман елорданың әсемдігі мен тазалығын ерекше атап өтіп, қазақ халқының қонақжайлығы өзіне ұмытылмас әсер қалдырғанын жеткізді.
    Айта кетейік, Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Дүбірлі додада әлемнің 135 елінен келген 900-ге жуық спортшы жарыс жолына шығады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары