Әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

    1 / 8

    Елімізде қазан айының соңында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл – халыққа қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған, мейірім мен жанашырлықты кәсіби міндетімен ұштастырған жандарға құрмет білдіретін ерекше күн.

    Осы айтулы мереке қарсаңында Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектеріне ризашылығын білдірді.

    Бүгінде елімізде халықты әлеуметтік қорғау жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі артып келеді. Мұқтаж азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, отбасыларды сүйемелдеу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.

    Қосшы қаласында да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Мансап» орталығы, «Отбасын қолдау орталығы» секілді мекемелер тұрғындарға әлеуметтік қызметтердің сан алуан түрін ұсынып, азаматтардың мәселелерін шешуге қолдау көрсетіп келеді.

    Әлеуметтік қызмет – тек көмек көрсету ғана емес, ол адамның жанынан табылып, қиын сәтте демеу болу, үміт сыйлау. Сондықтан өз ісіне адалдықпен қарап, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға жүрек жылуын ұсынып жүрген барша маманның еңбегі ерекше құрметке лайық.

    Әлеуметтік қорғау саласының барша қызметкеріне қажырлы еңбегі, мейірімі мен жанашырлығы үшін алғыс білдіреміз! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының әкімдігі" жаңалықтары