Қосшыда Республика күні аталып өтіп, үздік қосшылықтар марапатталды

    1 / 16

    Қосшы қаласында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қала тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтап, ел мен қаланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға марапаттар табыс етті.

    Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр. Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде қала әкімі осы жылдар ішінде еліміздің мемлекеттілігі нығайып, өзіндік даму жолын қалыптастырғанын атап өтті. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан саяси және қоғамдық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты.

    Салтанатты іс-шара қала өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен қорытындыланды.

    Көрермендер назарына туған жерді, халық бірлігін және Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін танымал қазақстандық шығармалар мен театрландырылған қойылым ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының әкімдігі" жаңалықтары