ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Қосшы қаласының әкімі А. Қапышевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды.
    🔹 Жылыту маусымына дайындық
    2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, қазандықтар мен жылу желілерінің жай-күйі, жылумен үздіксіз қамтамасыз ету және қажетті көмір қорын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
    🔹 Қоғамдық көлік және жол инфрақұрылымы
    Қоғамдық көлік қызметінің сапасы, қалаішілік және қала маңындағы маршруттардың жұмысы, Тайтөбе ауылы мен Қосшы қаласы арасында тікелей көлік қатынасын ұйымдастыру мүмкіндігі қаралды.
    Сонымен қатар қала көшелерінде, «Орион» тұрғын үй кешені мен «Лесная поляна» тұрғын алабында жүргізілген жол жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды.
    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты бөлімдер мен коммуналдық кәсіпорындарға жылыту маусымын тұрақты өткізу, қоғамдық көлік қызметін жақсарту және жол инфрақұрылымын дамыту бойынша тапсырмалар берілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының әкімдігі" жаңалықтары