Астанада Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» челленджі басталды

    1 / 5

    Елордада Республика күніне орай әлеуметтік желілерде отансүйгіштік рухты көтеріп, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыруға бағытталған «Менің Қазақстаным» бірыңғай челленджі басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Бастаманы елордалық мәдениет қайраткерлері, шығармашылық және спорт саласының өкілдері, оқушылар мен белсенді жастар қолдады.

    Челлендж аясында қатысушылар әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды. Сонымен қатар олар Отанға деген сүйіспеншілігі туралы ой бөлісіп, бірлік пен тәуелсіздіктің маңызын және әр азаматтың ел дамуына қосар үлесін қозғайды.

    «Менің Қазақстаным» челленджі елорда тұрғындарын ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға және өскелең ұрпақ пен жастардың назарын Республика күнінің маңызына аударуға бағытталған.

    Айта кетейік, мереке қарсаңында Астанада 120-дан астам мәдени, қоғамдық, спорттық және патриоттық іс-шара өтіп жатыр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары