Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – халқымыздың еңсесін көтеріп, елдігімізді нығайтатын тарихи мәні зор ұлы мереке.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан азаттық арманы ақиқатқа айналған осы жылдар ішінде еліміз дербес даму жолын қалыптастырып, халықаралық аренада өзіндік орны бар мемлекет ретінде нығайды!
Қосшы қаласы да тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолында қалыптасып, бүгінде ел картасындағы жас қалалардың біріне айналды. Биыл қаламыздың құрылғанына 5 жыл толды. Осы уақыт ішінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ел игілігі үшін еңбек етіп, қаламыздың өркендеуі мен дамуына үлес қосып жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!
Қадірлі қосшылықтар!
Біз еселі еңбектің, өзара қолдаудың және ең бастысы, мызғымас бірліктің арқасында барлық жоспарымызды табысты жүзеге асырып, жаңа белестерді бағындыра беретінімізге сенімдімін.
Баршаңызды Республика күнімен тағы да құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!
Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Республика күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы Қапышев









