Астанада Ш. Мұртаза көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

    Астанада 26 қазан мен 3 қараша аралығында Ш. Мұртаза көшесінің Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары