2026 жылғы 20 қазанда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қызметкерлерімен семинар өткізді.
Семинар барысында ақпараттық жүйелерге жүргізілген қашықтан мониторингтің нәтижелері, анықталған бұзушылықтар және олардың қайталануына жол бермеу шаралары қарастырылды. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мерзімдерін сақтауға және келіп түскен өтініштерді уақтылы өңдеуге ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға ақпараттық жүйеге келіп түскен өтініштерді күн сайын тексеру, жүйеге кіруге арналған логиндер мен құпиясөздердің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ақпараттық стендтері мен ресми сайттарындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын өзектендіру тапсырылды.
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен мерзімдерінің сақталуына ішкі бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.









