«Сенің таңдауың – сенің болашағың»

    1 / 6

    2026 жылғы 19 қазанда білім бөлімі полиция бөлімімен бірлесіп, 9–11-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Сенің таңдауың – сенің болашағың» атты аудандық форум ұйымдастырды. Форумға аудан мектептерінен 300 оқушы қатысты.

    Ф орум барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, нашақорлықтың, алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Іс-шара аясында нашақорлықтың, буллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ" жаңалықтары