"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
2026 жылғы 20 қарашада аудандық білім бөлімінің Кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында білім беруді ұйымдастыру мен оның сапасына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:
- 2026–2027 оқу жылының I тоқсанындағы білім сапасының қорытындылары;
- инклюзивті білім берудің жай-күйі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арнайы жағдайлар жасау;
- 10–11-сыныптарда сынақ тестілеуін өткізу;
- түлектердің техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарына түсуі;
- білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде балаларды психологиялық диагностикалау және сүйемелдеуге арналған бірыңғай мемлекеттік цифрлық платформаны енгізу, білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыру, ауыл олимпиадасының қорытындылары, сондай-ақ ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының орындалуы қаралды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









