"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ

    Бөлім туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

    1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, мектептен тыс (қосымша) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады;

    2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша адамдарға (балаларға) аудан аумағында тұратын балаларға жалпы білім беруді қамтамасыз ету;

    3) экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

    4) балалардың құқықтарын қорғау және қоғамда рухани-адамгершілік басымдықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

    Негізгі міндеттері:

    1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

    2) білім алушылардың шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы білім алушылардың ой-өрісін байыту;

    3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, рухани және адамгершілік білім беруге, балалардың өзін-өзі табысты жүзеге асыруына жағдай жасауға, балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жәрдем көрсету;

    4) балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қатысты балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен алдын-алудың профилактикасы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

    5) білім алушыларды азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеуді үйлестіру;

    6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

    7) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ескертпе

    Аттестаттың телнұсқасын қалай алуға болады?

    Жарияланды:
    Бұйрық

    2026 жылғы тасымалдауды ұйымдастыру туралы бұйрық

    2026-2027 оқу жылына арналған балаларды білім беру ұйымдарына күнделікті және апта сайынғы тегін тасымалдауды ұйымдастыру туралы бұйрық

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «Нежинская орта мектебі» КММ директоры лауазымы бос жұмыс орны бар екенін хабарлайды.

    «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «Нежинская орта мектебі» КММ директоры лауазымы бос жұмыс орны бар екенін хабарлайды. Біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білімінің болуы; орта білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі; білім беру саласында педагогикалық және/немесе басқарушылық қызмет өтілінің белгіленген талаптарға сәйкес болуы; Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білуі; ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы. Конкурсқа қатысу және қажетті құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ-не хабарласуға болады. Байланыс тұлғасы: білім бөлімінің әдіскері Қайрат Алуа Акановна, 87153522102

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім беру ұйымдарында күзгі-қысқы кезенде оқу сабақтарын қашықтықтан оқыту режиміне ауыстыру туралы (№ 549)

    Жарияланды:
    Бұйрық

    2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін туралы (№525)

    Жарияланды:
    Жоспар

    2026 жылға арналған «Мектепке жол» акциясының медиа-жоспары

    Жарияланды: