Қазақстанның Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы азаматтарды қабылдауды бастады

    1 / 2

    2026 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының Техас штатындағы Хьюстон қаласында орналасқан Бас консулдығы консулдық қызметтер көрсетуді ресми түрде бастап, алғашқы келушілерді қабылдады.

    Консулдық қызметтің толыққанды іске қосылуы Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа дипломатиялық өкілдігінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл Техас штатында және консулдық округке кіретін өзге де штаттарда тұратын Қазақстан азаматтары үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

    Енді азаматтар қажетті консулдық қызметтерді алу, құжаттарды рәсімдеу, құқықтық мәселелер бойынша кеңес пен көмек алу үшін басқа қалаларға ұзақ сапар шекпей-ақ, тікелей Хьюстон қаласындағы Бас консулдыққа жүгіне алады.

    Бас консулдықтың ашылуы консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық, инвестициялық, мәдени, білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беруге бағытталған.

    Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отандастарымызға қолдау көрсету, екіжақты байланыстарды кеңейту және Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы (АҚШ)" жаңалықтары