ҚР Хьюстон қаласындағы Бас консулы Ғабидолла Оспанқұлов Хьюстон орталығында орналасқан «Chevron» компаниясының бас кеңсесінде компанияның жаһандық корпоративтік мәселелер жөніндегі аға вице-президенті Маргарет Купермен (Margaret Cooper) кездесу өткізді.
Кездесу барысында энергетика саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық, оның ішінде «Chevron» компаниясымен өзара іс-қимыл, бірлескен бастамаларды іске асыру перспективалары және өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қатынастар үшін энергетика секторының стратегиялық маңызын ескере отырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









