Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы (АҚШ)

    Бас консулдық туралы

    Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1123 «Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының Хьюстон қаласында Бас консулдығын ашу туралы» Жарлығына сәйкес құрылды.

    Бас консулдық өзінің консулдық округі шегінде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және консулдық қызметтерді жүзеге асырады.

    Бас консулдық қызметінің басым бағыттарының бірі – Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы, әсіресе АҚШ-тың оңтүстік және орталық штаттарымен сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени, білім беру және гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға жәрдемдесу.

    Сонымен қатар, Бас консулдық Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекеттік органдары, іскерлік топтары, білім беру және қоғамдық ұйымдары өкілдері арасында іскерлік байланыстар орнатуға және дамытуға, сондай-ақ екіжақты әріптестікті кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етеді.

    Бас консулдықтың консулдық округіне төменде көрсетілген штаттар кіреді:

    Айова Луизиана Нью-Мексико
    Арканзас Миссисипи Оклахома
    Канзас Миссури Техас
    Колорадо Небраска

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Заң

    Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000088

    Жарияланды:
    Заң

    Мемлекеттiк сатып алу туралы

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035238

    Жарияланды: