Қазақстан мен ExxonMobil компаниясы арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

    ҚР Бас консулы Ғабидолла Оспанқұлов ExxonMobil компаниясының Қазақстан бағытына жауапты өкілі Нейтан Франкамен (Nathan Franka) жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында тараптар одан әрі #ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, #мұнай-#газ саласындағы #стратегиялық #жобаларды іске асыру және #инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

    Бас консул Қазақстанның #инвестициялық ахуалды жақсарту және #шетелдік #инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы күш-жігерін атап өтіп, ExxonMobil компаниясымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

    Тараптар тұрақты #диалогты жалғастыруға және Қазақстанның #энергетика саласын орнықты дамыту мүддесінде әріптестікті нығайтуға дайын екендіктерін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы (АҚШ)" жаңалықтары