1 / 3
Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулы Ғабидолла Оспанқұлов Хьюстон қаласы әкімдігінде Халықаралық байланыстар қызметінің басшысы Джиджи Лимен (Gigi Lee) кездесті.
Кездесу барысында мынадай негізгі мәселелер талқыланды:
- Қазақстан мен Хьюстон арасындағы қалалық және өңірлік деңгейдегі байланыстарды нығайту;
- Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулдығының консулдық қызметтерін іске қосу;
- Бизнес, энергетика және инновациялар салаларындағы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары.
Кездесу өзара сенім және түсіністік рухында өтті. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты кеңейту және нығайту бағытында ауқымды бірлескен жұмыстар атқару көзделуде!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







