Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулы Ғабидолла Оспанқұлов Texas Qazaq Foundation ұйымы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында Бас консул жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, 25 қазан - Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күннің айрықша маңызын атап өтті. Аталған тарихи оқиға еліміздің тарихында жаңа дәуірге жол ашып, тәуелсіздігінің берік негізін қалады.
Өз сөзінде Ғабидолла Оспанқұлов ҚР Хьюстон қаласындағы Бас консулдығын ашу бағытында жүргізіліп жатқан ұйымдастыру жұмыстарының барысы туралы да хабарлады.
ҚР Бас консулдығы Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және АҚШ-тың оңтүстік өңірлеріндегі Қазақстанның консулдық қатысуын кеңейту мақсатында құрылды.
Қазіргі уақытта Бас консулдықты аккредиттеу бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп, мекеменің толыққанды қызметін бастауға дайындық жұмыстары жалғасуда. Жақын арада консулдық қызметтер көрсетуді қолға алуды, сондай-ақ америкалық әріптестермен екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмысты жандандыруды жоспарлап отыр.
ҚР Хьюстон қаласындағы Бас консулдығы мерекелік іс-шараны ұйымдастырғаны, ұлттық дәстүрлер мен тілді сақтауға, мәдени байланыстарды нығайтуға және Техас штатындағы қазақ қауымдастығын біріктіруге қосып жатқан үлесі үшін Texas Qazaq Foundation ұйымына ризашылығын білдіреді.
Бас консулдықтың байланыс деректері:
Мекенжайы: 5251 Westheimer Rd., Suite 1100, Houston, TX 77056
Электрондық пошта: [email protected], [email protected]
Телефон: +1 (832) 982-0082
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









