Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулы Ғабидолла Оспанқұлов Хьюстон қаласында орналасқан BI Group USA компаниясының кеңсесіне барды.
Кездесу барысында компанияның бас директоры Олжас Аязбаев және өңірлік кеңсенің қызметкерлерімен бірге BI Group USA қызметінің таныстырылымы өткізіліп, Техас штатында жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған жобалар туралы ақпарат берілді.
Әсіресе компанияның Техас нарығындағы алғашқы тұрғын үй жобасы - Хьюстон қаласының Galleria/Uptown ауданында салынып жатқан The Winford жобасына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тараптар компанияның АҚШ нарығындағы қызметін одан әрі дамыту перспективаларын, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ қазақстандық бизнесті Техас нарығында ілгерілету мәселелерін талқылады.
BI Group компаниясының АҚШ нарығына шығуы қазақстандық компаниялардың халықаралық қатысу аясын кеңейтуге және Қазақстан мен Техас арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









