1 / 2
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза қала – қысқа дайын!» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына өңірдегі діни бірлестіктердің өкілдері мен қала және аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында қатысушылар қыс мезгілі қарсаңында елдімекендердің тазалығын сақтауға атсалысты.
«Ортақ қала – ортақ жауапкершілік» қағидатымен өткен сенбілік тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеп, діни бірлестіктер мен жергілікті тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









