Қазақстандық суретшілер Тбилисидегі халықаралық өнер көрмесінің ашылуына қатысты

    1 / 3

    Тбилиси, 2026 жылғы 28 қараша– Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Зураб Церетели атындағы Заманауи өнер музейінде өткен «Silk Road – Imprints in Motion» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты.

    Көрмеге Еуропа мен Азияның 11 елінен, соның ішінде Қазақстан мен Грузиядан келген заманауи суретшілердің қағаз бетінде жасаған туындылары қойылды. Жоба келушілерді графикалық өнердің алуан түрлілігімен таныстырып, суретшілердің дәстүрлі баспа әдістерін заманауи технологиялармен қалай үйлестіретінін көрсетеді.

    Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Талғат Адуов Жібек жолы ғасырлар бойы халықтарды байланыстырып, білім мен шығармашылық дәстүрлердің алмасуына ықпал еткенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде бұл диалогты өнер арқылы көрермендерді өз елдерінің мәдениетімен таныстыратын суретшілер жалғастыруда.

    Елші көрмеге қазақстандық суретшілердің қатысуын құптап, қатысушылардың Тбилисидегі таныстығы Қазақстанды қоса алғанда, бірлескен шығармашылық жобалардың басталуына негіз болады деген үмітін білдірді.

    «Silk Road – Imprints in Motion» көрмесін Art Caucasus қоры Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің жәрдемімен және қазақстандық Air Astana әуекомпаниясының демеушілік қолдауымен ұйымдастырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары