Тбилиси, 25 қараша– Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Грузиядағы Елшісі Ахмед Әл-Нуаймиге ілтипат сапарымен барды.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Екіжақты қатынастар жоғары және ең жоғары деңгейлердегі тұрақты саяси диалогқа, сондай-ақ көпжақты алаңдардағы тығыз ынтымақтастыққа негізделгені атап өтілді.
Дипломаттар Орта дәлізді дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық салаларындағы белсенді жұмысты атап өтті. БАӘ Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Тараптар энергетика, «жасыл» технологиялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және туризм салаларындағы ірі бірлескен жобаларды табысты іске асыруда.
Сондай-ақ тікелей әуе қатынасын кеңейтуге және екі елдің іскер топтары мен халықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға назар аударылды.
Т. Адуов әріптесін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс диалогын және белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






