Қазақстан мен Литва елшілері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

    Тбилиси, 23 қараша– Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Литва Республикасының Грузиядағы Елшісі Дарюс Виткаускаспен кездесті. Кездесу басында литвалық дипломат Т. Адуовты Грузиядағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады.

    Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуын талқылап, саяси диалогтың жоғары деңгейін және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі, сондай-ақ «Қазақстан – Еуропалық одақ» форматындағы сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті.

    Сұхбаттастар сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің қабылдаушы елмен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    Т.Адуов литвалық әріптесін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын сақтауға және қазақстан-литва ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары