«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері заңды иеліктегі атыс қаруын сақтау және пайдалану талаптарының сақталуына бақылау жүргізуде.
Профилактикалық іс-шара барысында қару иелерінің тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, атыс қаруын сақтау жағдайы мен рұқсат құжаттарының талаптарға сәйкестігі назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде қаруды сақтау талаптарын бұзған 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері қару иелеріне атыс қаруын арнайы сейфте сақтау, бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде ұстау және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.
Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – қарудың заңсыз айналымына жол бермеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қару сақтау – үлкен жауапкершілік. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір қару иесінің міндеті!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








