Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге буллинг, кибербуллинг, бопсалау және суық қаруды заңсыз алып жүрудің қауіптілігі түсіндіріліп, мұндай әрекеттер үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы айтылды.
Полиция инспекторы оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға, өзгелерге қысым көрсетпеуге және қорқыту немесе бопсалау жағдайларына тап болғанда үнсіз қалмауға шақырды.
«Буллинг пен бопсалауға жол беруге болмайды. Әрбір оқушы өз қауіпсіздігіне ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне де жауапты. Егер осындай жағдайларға тап болсаңыздар, ата-аналарыңызға, мұғалімдерге немесе полицияға хабарлаңыздар», – деді полиция инспекторы.
Кездесу барысында оқушылар да өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Сонымен қатар қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруда әрбір оқушының жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









