Маңғыстау ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында төртжақты меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Маңғыстау ауданы полиция бөлімі, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы, Отбасы қолдау орталығы және аудандық ішкі саясат бөлімі арасында қол қойылды.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына дер кезінде көмек көрсету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Меморандум аясында тараптар күш біріктіріп, отбасындағы қолайлы ахуалды қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізетін болады.
Ортақ мақсат – отбасындағы татулықты сақтау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









