Жыл басынан бері Жаңаөзенде алкоголь сату талаптарын бұзған 126 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

    Жаңаөзен қаласында алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.

    Жыл басынан бері жүргізілген рейдтік-профилактикалық іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзудың 126 дерегі анықталып, кінәлі кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша 33 дерек, ал 463-бабы бойынша 93 дерек тіркелді.

    Полиция қызметкерлері сауда орындарын аралап, дүкен иелері мен сатушыларына алкоголь өнімдерін өткізуге қатысты заң талаптарын түсіндіруде. Әсіресе алкоголь өнімдерін заңда белгіленген уақыттан тыс сатуға, тиісті лицензиясыз сауда жүргізуге және кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін өткізуге жол бермеу қажеттігі ескертіледі.

    Заң талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Полиция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік-профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

    Құрметті кәсіпкерлер! Заң талаптарын қатаң сақтап, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзбауға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары