Салауатты қарым-қатынас формуласы: өзімізді және өзгелерді түсінуді үйренеміз

    1 / 4

    Қарым-қатынас тек ұл мен қыз арасындағы ұнату сезімімен шектелмейді. Жасөспірімдер мен жастар күн сайын сыныптастарымен, топтастарымен, достарымен, педагогтерімен және жақын адамдарымен қарым-қатынас орнатады. Ұжымдағы психологиялық ахуал мен болашақ отбасындағы қарым-қатынас олардың бір-бірін тыңдай білуіне, жеке шекараларды құрметтеуіне және келіспеушіліктерді шеше алуына байланысты.

    Дәл осы мәселелер Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері мен Заречный мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына арналған «Салауатты қарым-қатынас формуласы» тренингтерінде талқыланды.

    Психолог Ирина Рудимен бірге қатысушылар күнделікті қарым-қатынаста кездесетін жағдайларды: түсініспеушіліктер мен жанжалдарды, құрдастары тарапынан көрсетілетін қысымды, реніш пен жеке шекаралардың бұзылуын талдады. Олар қолдау көрсетуді манипуляция мен бақылаудан ажыратуды, өз пікірін сабырлы түрде жеткізуді, өзгені тыңдай білуді, агрессиясыз және бір-бірінің қадір-қасиетін төмендетпей шешім табуды үйренді.

    Алғашқы ұнату сезімі мен ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас мәдениетіне ерекше назар аударылды. Өйткені бүгін отбасында, достық қарым-қатынаста, оқу ұжымында және алғашқы сезімдер арқылы қалыптасатын өзара сыйластық дағдылары болашақта жауапты ерлі-зайыптылық пен ата-ана болудың негізіне айналады.

    Тренингтер «Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Қостанай облысы психологтерінің қауымдастығы» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту жобасы аясында өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай ауданының әкімдігі" жаңалықтары