Маңғыстау облысының Полиция департаменті

    Департамент туралы

    Маңғыстау облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    «Қауіпсіздік коды: 102-11-150»

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлайды. Ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Қауіпсіздік коды: 102-11-150» республикалық акциясы өтеді. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтар мен отбасыларды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту. Сонымен қатар, іс-шара аясында полиция жұмысының тиімділігін, азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимыл мен сенімді нығайту жоспарлануда.

    23 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Маңғыстау облысының аумағында «ТАСЫМАЛДАУШЫ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 2026 жылғы 28–30 шілде аралығында Маңғыстау облысының аумағында «ТАСЫМАЛДАУШЫ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты: жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактілерінің алдын алу; жолаушылар тасымалы саласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жол-көлік оқиғаларының алдын алу; техникалық ақауы бар көлік құралдарын анықтау; жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылау; жол қозғалысы қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету. Құрметті тасымалдаушылар! Жолаушыларды тасымалдау кезінде: жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаңыз; көлік құралының техникалық жарамдылығын қамтамасыз етіңіз; белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз; қауіпсіздік белдіктерін пайдаланыңыз және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз; заңсыз жолаушы тасымалдауға жол бермеңіз. Есте сақтаңыз! Жолаушылардың өмірі мен денсаулығы – жүргізушінің басты жауапкершілігі. ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАРШАМЫЗДЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Маңғыстау облысында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында облыс аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілетінін хабарлайды. Іс-шараның негізгі мақсаты — браконьерлікпен күресу, заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және сақтау. Іс-шара барысында құқық қорғау органдары табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтіп, су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Осыған байланысты облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтауға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз. 🌿 Табиғатты бірге қорғайық!

    1 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

    25 сәуір күні «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Акция барысында тұрғындарға жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріледі. Сонымен қатар, азаматтардың полиция қызметіне деген сенімін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    25 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ақтауда «Стоп Сталкинг» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Ақтау қаласы аумағында өтіп жатқан «Стоп Сталкинг» акциясы шеңберінде ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Ақтау қаласы Полиция басқармасының ҚҚБ ОТЗЗҚКб қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабында көзделген «Сталкинг» құқық бұзушылығы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Полиция қызметкерлері Ақтау қаласының 11-шағын ауданында орналасқан Есенов колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, сталкинг ұғымы, оның белгілері, жауапкершілік түрлері және құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жастарға қудалау, қорқыту, жеке өмірге заңсыз араласу фактілері орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Кездесу барысында студенттерге жеке қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік желілердегі киберқудалаудан сақтану жолдары және құқықтық көмек алу мүмкіндіктері туралы кеңестер берілді. Полиция өкілдері зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік қағидатын ұстану және заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Ақтау қаласы Полиция басқармасы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады. https://www.instagram.com/reel/DUmxyH4jEEC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    11 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы халықпен кездесу өткізеді

    Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы халықпен кездесу өткізеді 2025 жылғы қазан айының 20 күні Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Аманжол Ерлан Жаңабергенұлы аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында бөлім басшысы 2025 жылғы қыркүйек айында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарға жауап береді. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, полиция қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету.

    20 қазан 2025 ж.Тікелей
    Заң

    ІІМ “Жол жүрісі туралы” заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді

    Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі туралы” заңына енгізілген өзгерістер күшіне енетінін хабарлайды. Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз. Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде алмасады. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы расталмаса, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қатысты екенін ерекше атап өтеміз. Келесі өзгеріс жол жүрісі қағидаларын білу деңгейін қайта тексеруге қатысты. Заңда көзделген жағдайларда жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Мысалы, жол қиылысынан өтукезінде апаттық жағдай туғызу, белгіленген жылдамдықты бірнеше рет асыру, маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу сияқты өрескел құқық бұзушылықтар. Бұл талап барлық жүргізушіге емес, тек заңда нақты көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негізболады. Сонымен қатар алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылғанның өзінде, құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі бомаса, оны сегіз жыл бойы алу мүмкін болмайды. Бұл өзгерістердің барлығы жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Барша жол жүрісіне қатысушыларды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Ал бұл талапқа жататын жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден уақытылы өтуі қажет.

    Жарияланды:
    Заң

    «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер: ІІМ ең маңызды сұрақтарға жауап берді

    Жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуіне қандай өзгерістер енгізілді? Жүргізушілердің медициналық тексеруден өту талабы – жаңа талап емес. Бұл норма 2014 жылдан бері, яғни «Жол жүрісі туралы» Заңда көрсетілген. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара біріктірілді. Соның арқасында міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер екі министрліктің жүйелері арасында автоматты түрде беріледі. 65 жастан асқан жүргізушілер нені білуі керек? 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге - тек әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтсе жеткілікті. Оның нәтижесі автоматты түрде жүйеге түседі. Сондықтан, ешқандай қосымша анықтама жинаудың немесе мемлекеттік органдарға барып жүрудің қажеті жоқ. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзарту немесе бұл туралы ІІМ-ге жеке хабарлау талап етілмейді. Азаматтарға алаңдауға еш негіз жоқ. Ешқандай жаңа талап немесе артық құжат рәсімдеу енгізілген жоқ. Барлығы бұрынғыдан да ыңғайлы және қарапайым түрде. Әлеуметтік желілерде ақпарат тарату туралы Блогерлер мен ақпараттық парақша иелеріне жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік бар екенін ескертеміз. Сондықтан ақпаратты таратпас бұрын оның дұрыстығына көз жеткізуді сұраймыз. Себебі жалған мәліметтер халықты шатастыруы мүмкін. Сондықтан тек мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына сенуге кеңес береміз. Қажет болған жағдайда түсіндірме беруге әрдайым дайынбыз.

    Жарияланды:
    Басшылық

    Ақтау қаласы Полиция басқармасы басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесі

    2026 жылға арналғанАқтау қаласы Полиция басқармасы басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі Қабылдау жүргізушінің аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні, уақыты Мекен жайы Сафиулин Евгений Викторович Басқарма басшысының полиция полковнигі Дүйсенбі - Жұма сағат 0900- 1800де Ақтау қаласы, 24 ш/а, ПБ ғимараты Нысанов Ерлан Үргенишбайұлы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Дүйсенбі - Жұма сағат 0900- 1800де Ақтау қаласы, 24 ш/а, ПБ ғимараты Баржиков Нуралин Абайұлы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дүйсенбі - Жұма сағат 0900- 1800де Ақтау қаласы, 24 ш/а, ПБ ғимараты Қожбанов Нұрбол Бекмағанбетұлы ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Дүйсенбі - Жұма сағат 0900- 1800де Ақтау қаласы, 24 ш/а, ПБ ғимараты Мусабаев Ақтаубек Тынышбайұлы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дүйсенбі - Жұма сағат 0900- 1800де Ақтау қаласы, 24 ш/а, ПБ ғимараты Ескертпе: азаматтарды жеке қабылдау аптасына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Депутаттар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер, сондай-ақ жоғары Үкімет наградаларымен марапатталған азаматтар, шетел азаматтары және басқа елді мекендерден келген азаматтар кезексіз қабылданады. Қабылдауға алдын ала жазылу 8 (7292) 47-48-24, 47-48-09 байланыс телефондары арқылы жүргізіледі. ПБ басқарма және бөлім бастықтары азаматтарды күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

    Жарияланды: