Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қоғамдық көліктерде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шара барысында жолаушыларға, әсіресе мектеп оқушыларына автобусқа міну және одан түсу кезінде сақ болу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ автобустан түскеннен кейін жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту, автобустың алдынан жүгіріп шықпау және жолдан өтер алдында екі бағытқа мұқият қарау керектігі ескертілді.
Сонымен қатар автобус жүргізушілеріне жолаушыларды тасымалдау қағидаларын қатаң сақтау, жолаушылардың толық мініп-түсіп болғанына көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысты жалғастыру қажеттігі айтылды.
Профилактикалық түсіндіру жұмыстарына полиция аға лейтенанты Бауыржан Жұмабаев қатысты.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және қоғамдық көлікте қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








