Түпқараған аудандық полиция бөлімінде апталық жұмыс қорытындыланды

    Түпқараған ауданы полиция бөлімінде бөлім бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Нұркелді Сапаровтың төрағалығымен апта ішінде атқарылған жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы бойынша жиналыс өтті.

    Жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

    Атап айтқанда, апта ішінде тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар, олардың алдын алу бағытында жүргізілген профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, арыз-шағымдарды уақтылы әрі сапалы қарау мәселелері көтерілді.

    Жиналыс барысында полиция қызметкерлеріне азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау, халықпен ашық әрі сыпайы байланыс орнату, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындау қажеттігі ескертілді.

    Жиын қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау міндеттелді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары