Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кеңшілік Мырзабековтің туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Кешке ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері және ақынның жақындары қатысты.
Жиында Кеңшілік Мырзабековтің өмірі, шығармашылық жолы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі сөз болды. Қатысушылар ақын өлеңдеріне тән ерекшеліктерге тоқталып, әдебиетте өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын атап өтті.
Кеште туған жер, адами құндылықтар мен қоғам туралы өлеңдері оқылды. Сондай-ақ ақынның тұлғалық болмысы мен өнері жөнінде естеліктер айтылды.
Әдеби кеш Кеңшілік Мырзабековтің мұрасын дәріптеуге және өлеңдерін кейінгі буын оқырманға кеңінен танытуға бағытталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі








