Қазақстанның Азаматтық қоғам форумында Президент Жолдауындағы басым бағыттар талқыланды

    1 / 4

    2026 жылғы 29-30 қазанда Ақтауда «Болашақты бірге қалыптастырамыз» тақырыбында Қазақстанның Азаматтық қоғам форумы өтті.

    Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар, соның ішінде цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

    Форумға үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері мен отандық сарапшылар қатысты. Жиынның құрметті қонақтары қатарында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің адам құқықтары жөніндегі аға кеңесшісі Элизабет да Коста болды.

    Қатысушылар адам құқықтарын қорғау, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланыс және қоғамдық ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөнінде пікір алмасты. Грант аясындағы жобалар аяқталғаннан кейін ұйымдардың қызметін жалғастыру, қаржыландыру көздерін көбейту және жергілікті бастамаларды қолдау мәселесіне айрықша мән берілді.

    Сондай-ақ жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану және жастарды үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына тарту мәселелері қарастырылды.

    Форум аясында «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы да талқыланды.

    Іс-шараны «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы Батыс Қазақстандағы азаматтық қоғамның адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғауға бағытталған жоба аясында ұйымдастырды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары