Солтүстік Қазақстан облысында архив ісін цифрландыру мәселесі талқыланды

    Солтүстік Қазақстан облысында архив құжаттарын пайдалану, жариялау және «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу мәселелеріне арналған республикалық көшпелі семинар өтті.

    Іс-шараға Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласындағы архив мекемелерінің өкілдері қатысты.

    Алғашқы күні қатысушылар архив қорларын пайдалану, құжаттарды жариялау және архив материалдарын ғылыми зерттеулерге қолдану секілді тақырыптарды қозғады. Мамандар өз тәжірибелерін ортаға салып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

    Екінші күні «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік сабақ өтті. Архив қызметкерлері жүйенің мүмкіндіктерімен танысып, оны қолдану жолдарын меңгерді. Сондай-ақ күнделікті жұмыс барысын кездесетін мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    Семинар архив қызметкерлерінің кәсіби білігін арттыруға, цифрлық технологияларды қолданысқа енгізуге және архив ақпаратын көпшілікке қолжетімді етуге бағытталды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары