Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды. Қызылорда облысында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды электронды білезіктер арқылы бақылау өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері осы құрылғылардың көмегімен 104 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 97 жағдайда сотталғандардың түнгі уақытта белгіленген мекенжайынан рұқсатсыз кеткені тіркелсе, төрт дерек пробация қызметінің келісімінсіз әкімшілік аумақтан шыққан азаматтарға қатысты болған. Ал үш жағдайда электронды білезіктің бүлінгені анықталған. Электронды білезіктер жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, шартты түрде сотталған немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін азаматтарға қолданылады. Бұл құрылғылар тәулік бойы бақылау жүргізуге және сот жүктеген міндеттер мен шектеулердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері пробациялық бақылаудағы 24 сотталған жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы мәселені қарау мақсатында сотқа ұсынылған. Жуырда пробация қызметінің есебінде тұрған тағы бір азаматқа электронды білезік тағылды. Ол қызмет талаптарын жүйелі түрде орындамай, сот жүктеген міндеттерден жалтарған. Қазіргі уақытта азамат электронды құрылғы арқылы бақылауға алынған. — Бұған өзім кінәлімін. Ұрлық жасап, оңай олжаға кенелгім келді. Маған да электронды білезік тағылды. Бұл құрылғы маған кедергі келтірмейді, керісінше, тәртіп сақтауыма көмектесіп отыр. Енді құқық бұзғым келмейді. Жазамды өтеп, пробация есебінен шығуды қалаймын, — дейді есептегі азамат. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі сотталғандарды қоғамға бейімдеу, олардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Atameken Business» телеарнасының Exclusive бағдарламасында Авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғауға арналған платформаның іске қосылуы туралы айтты
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
"Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған жерінен ұсталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар тексерілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлеріне психологиялық тренинг өткізілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар музейге экскурсия жасады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында есептегі азаматтар ұлттық ойыннан бақ сынады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу