Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған жерінен ұсталды

    Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел тобы мен №60 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын ұстады. Оқиға орнына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған азаматты тексеру барысында скотчпен оралған зат табылды. Оның ішінен үш телефон тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жолданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары