Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған тренингтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Кезекті психологиялық шара №60 мекемеде ұйымдастырылды. Мекеме психологі Моншақ Маханованың жетекшілігімен қызметкерлерге сергіту жаттығулары жүргізіліп, СР-45 және "Болжам" психологиялық тесттері алынды.
Тренингтің негізгі мақсаты – қызметкерлердің эмоционалдық ширығуын төмендету, күйзелістің алдын алу, стреске төзімділігін арттыру және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру. Өйткені ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысы жоғары жауапкершілікті, психологиялық тұрақтылықты және кез келген жағдайда сабыр сақтай білуді талап етеді.
Қызметкерлер психолог маманның жүйелі түрде ұйымдастыратын тренингтерінің маңызын атап өтіп, алғыстарын білдірді. - Мекемеміздің психологі Моншақ Маханова қызметкерлермен тұрақты түрде психологиялық тренингтер өткізіп тұрады. Мұндай шаралар қызмет барысында туындайтын күйзелісті азайтып, эмоциялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Өзімізді жақсырақ түсініп, қиын жағдайларда сабыр сақтауға дағдыланамыз. Сондықтан мұндай тренингтердің маңызы зор, – дейді Нағи Айбек. Осындай профилактикалық шаралар қызметкерлердің психологиялық саулығын қолдауға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және қызметтік міндеттерін тиімді орындауына ықпал етеді.
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлеріне психологиялық тренинг өткізілді
Ұқсас материалдар

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың мерейтойлық даталарына орай «HasSak» ансамблінің концерті өтті
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
Қызылорда облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
ҚР ІІМАшу
Қазақстан мен Иордания Астана-Амман арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
Ұрлық жасап, жол үстінде ұсталды: ШҚО-да мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды
ҚР ІІМАшу
Қазақстан мен Иордания мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
"Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар музейге экскурсия жасады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында есептегі азаматтар ұлттық ойыннан бақ сынады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылордада жазасын өтеушілер жақындарымен жүздесті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жасанды интеллект курсын меңгерді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшуҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу