«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ» Шахтинск қаласының 27-кварталы жаңарып келеді!

    1 / 14

    Московская, Мичурин, Станционная және Островский көшелерінде абаттандыру жұмыстары кешенді түрде жүргізілді квартал ішілік 2 км жолға орташа жөндеу жасалып, тротуарлар, автотұрақ орындары мен кіреберістерге апаратын жолдар абаттандырылды.

    Жөнделген учаскедегі жол жабыны 60 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған!

    Аумақ санитарлық тазартудан өткізіліп, заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды, қураған ағаштар мен бұталар алынып, ағаштарға кесу жұмыстары жүргізілді.

    Келесі кезең — көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.

    Шахтинск қаласын көркейту жолындағы жұмыстарымызды жалғастырудамыз! Әр қадам сайын қаламызды таза, қауіпсіз әрі жайлы етіп, тұрғындарымыз үшін қолайлы орта қалыптастырудамыз.

    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ" жаңалықтары