Шахтинск қаласы, Шахан, Долинка, Новодолинский кенттері тұрғындарының назарына!
Сіздерді 2026 жылдың 20 қарашасында сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін өтетін «Қызмет алушылар күні» іс-шарасына қатысуға шақырамыз! Іс-шара аясында келушілер тұрғын үй мәселелері бойынша жауапты мамандардан кеңес ала алады. Өтетін орны: Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесі, 101 (1 кіреберіс), Азаматтарды қабылдау орталығы. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Шахтинск қаласы әкімінің аппараты.





