2026 жылы 480 жарықтандыру бағанасын орнату жоспарланған. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, қалалық ортаның жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жұмыстар 1, 27 және 31-кварталдарды, сондай-ақ Шахтинск кеңшарын қамтиды.
Көшелерді жарықтандыру мына мекенжайлар мен учаскелерде қосылды:
- Абай Құнанбаев даңғылы — 89, 89А, 91, 91А, 93, 93А;
- Ленинградская көшесі — 63, 65, 67;
- Абай Құнанбаев даңғылы — 64, 66, 66А, 68, 68А;
- Абай Құнанбаев даңғылы, 68Б үйінің артындағы аллея;
- №6 мектептің аумағы;
- «Снегурочка» бөбекжай-балабақшасының аумағы;
- 40 лет Победы көшесі — 73А;
- «Қарлығаш» балабақшасы мен Ленинградская көшесіндегі 69-үйдің арасындағы тротуар.
Жаңа көше жарығы бағаналарын орнату жұмыстары жалғасуда.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі








