2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қалада 7 жаңа балалар ойын алаңы абаттандырылды.
- Абай Құнанбаев көшесі — 89А, 91, 91А, 93;
- 40 лет Победы көшесі — 54, 54/1, 56, 56/1;
- 40 лет Победы көшесі — 76, 76/1, 78, 80;
- Молодёжная көшесі — 69/1, 69/2, 71, 73;
- Молодёжная көшесі — 75, 77, 79, 81;
- Ленинград ская көшесі — 50;
- Карл Маркс көшесі — 20.
Ойын алаңдарында сырғанақтары бар балалар ойын кешендері, спорттық құрылымдар, әткеншектер, құмсалғыштар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Аумақтар резеңке жабынмен төселіп, қоршаулармен жабдықталды.
Қазіргі уақытта жарықтандыру жұмыстарын аяқтау қалды.
Жаңа ойын алаңдары балалардың ойнауына, белсенді демалуына және отбасымен бірге уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасайды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі








