Республика күніне орай «Қазақша QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті!
25 қазан – Республика күніне орай Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының, сондай-ақ, басқармаға қарасты «Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қарау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында «Қазақша QUIZ» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметті нығайту, сондай-ақ, қатысушылардың білімін шыңдау және ұжымдық ынтымақтастықты дамыту.
Сайыс барысында қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салып, командалық бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Интеллектуалдық ойын қатысушылардың білімін жетілдіруге, өзара тәжірибе алмасуына және ұжымдық байланысты нығайтуына мүмкіндік берді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Республика күні құтты болсын! Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, болашағы жарқын болсын!









