Исламабадта Қазақстан Республикасының күні атап өтілді

    1 / 4
    Исламабад, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде дипломатиялық өкілдік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
    Іс-шара патриоттық рухты нығайту, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
    Мерекелік бағдарлама патриоттық флешмобпен басталды. Іс-шара барысында жас қатысушыларға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Қазақстанға арналған балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық байқаулар мен спорттық эстафеталарды қамтитын ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.
    Аталған іс-шара Республика күнінің Қазақстанның мемлекеттілігі, тәуелсіздігі мен ұлттық бірлігінің символы ретіндегі маңызын тағы бір мәрте айқындауға мүмкіндік берді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары