Қазақстандық театр Пәкістандағы халықаралық театр фестивалінде «Шолпанның күнәсі» спектаклін сахналады

    1 / 17
    Лахор, 2026 жылғы 26 қазан – Қазақстанның Республика күнін мерекелеу аясында Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры III Пенджаб халықаралық MAAS театр фестиваліне қатысу үшін Лахор қаласына келді.
    MAAS Foundation қоры мен Лахор өнер кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен фестиваль Қазақстан, Пәкістан, Бангладеш, Норвегия, Франция және Индонезияны қоса алғанда, алты елдің театр ұжымдарының басын қосты.
    Қазақстандық театр ұжымы көрнекті қазақ ақыны әрі жазушысы Мағжан Жұмабаевтың шығармасы негізінде сахналанған «Шолпанның күнәсі» қойылымын көрермен назарына ұсынды.
    Терең адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды арқау еткен спектакль пәкістандық және халықаралық көрермендерді Қазақстанның бай әдеби мұрасымен, ұлттық театр өнерінің ерекшеліктерімен және қазақ халқының мәдени дәстүрлерімен таныстырды.
    Елшілік І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен ұжымына, сондай-ақ MAAS Foundation қоры мен Лахор өнер кеңесіне халықаралық шығармашылық бастамаларды қолдағаны және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары