Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
Әділет департаментінің басшысы Ә. Тасыбаеваның төрағалығымен департаменттің алқа отырысы өтті. Жиынға департаменттің барлық қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында 2026 жылдың алғашқы тоғыз айындағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептік баяндамалары тыңдалды.
Департамент басшысы өз сөзінде халықпен тікелей жұмыс істеу барысында туындайтын өзекті мәселелерге ерекше назар аударудың, азаматтардың өтініштері мен сұраныстарына уақтылы әрі сапалы жауап берудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, қызметтің негізгі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жұмыс тиімділігін арттыруға және белгіленген көрсеткіштердің орындалу сапасын жақсартуға бағытталған міндеттер айқындалды.








