ҚАЖ департаментінде профилактикалық кездесу өтті

    1 / 2

    Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде медициналық және психологиялық қызмет мамандарының қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.
    Іс-шараға №2 қалалық емхананың өкілі Нагиметова Жанерке Нұртаевна және психолог-аутрич-маман Жумагалиeв Қайрат Сәдуақасұлы қатысты.
    Кездесу барысында мамандар қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аурулардың алдын алу, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау, сондай-ақ кәсіби мамандардың көмегіне уақтылы жүгінудің маңыздылығына тоқталды.
    Мұндай профилактикалық іс-шаралар қызметкерлердің денсаулық мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары