Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №9 мекемесінде іргелес аумақтың тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында сенбілік өткізілді.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді.
Қызметкерлер сенбілікке қатысу арқылы аумақты абаттандыруға үлес қосып, экология мен тазалыққа жауапкершілікпен қарайтындарын көрсетті.









