Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қатысуымен №8 мекемесінде жұмыс кеңесі өтті.
Кеңестің негізгі мақсаты – Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін қылмыстық-атқару жүйесіне қызметтік ауыстыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ ауысу тәртібі мен алдағы қызметтің ерекшеліктері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі, ақшалай қамтылым, нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету және қылмыстық-атқару жүйесінде одан әрі қызмет атқару мәселелері кеңінен қарастырылды.
Департамент өкілдері әскери қызметшілерді толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, қызметтік ауысуға байланысты маңызды мәселелер бойынша түсініктемелер ұсынды.
Мұндай кездесулер қызметтік ауысу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ олардың алдағы қызметіне қатысты өзекті мәселелерді уақтылы шешуге бағытталған.









