ҚАЛА ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТАДЫ

    1 / 20
    Түркістан қаласында көлік қозғалысын реттеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б. Саттарханов даңғылы мен Шекті Тілеу көшесінің қиылысында жаңа жол ашу жұмыстары жүргізілуде.
    Жоба аясында Б. Саттарханов даңғылының жанама көшесінен негізгі жолға тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бағытынан келе жатқан автокөліктердің даңғылдан солға бұрылуына жағдай жасалады.
    Аталған жұмыстар көлік қозғалысын оңтайландыруға, жолдағы кідірістерді азайтуға және жүргізушілер үшін қатынау қолайлылығын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жол жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік туады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары