РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Құрметті түркістандықтар!
    Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Республика күні – еліміздің егемендікке бастаған тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық бірлік пен елдік рухты дәріптейтін маңызды мереке.
    1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация – халқымыздың азаттық жолындағы асыл мұратының жүзеге асқанын айғақтайды.
    Бүгінде рухани астана Түркістан жаңарып, өркендеп, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Қаламыздың көркеюі мен мемлекетіміздің нығаюы – әрбір азаматтың еңбегі мен ортақ жауапкершілігінің нәтижесі.
    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен толағай табыс тілейміз!
    Еліміз еңселі, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары